Шығыс Қазақстан орыс этномәдени бірлестігі

Төрағасы: Зайцев Николай Алексеевич

Тіркелген уақыты: 31.10.2000 ж.

Бірлестік мүшелерінің саны: 1200 

Орыс  этномәдени бірлестігінің қызметі туралы:    

 Ұлтаралық қарым-қатынастардың жақсаруына жәрдемдесу, ұлтаралық, ұлттық және этникалық мүдделерді біріктіретін, қоғамның рухани-адамгершілік дамуына және Шығыс Қазақстан облысында тұратын барлық ұлт өкілдерінің арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді.    

Орыс тілін, ұлттық мәдениет, дәстүрлерді қалпына келтіру, фестивальдер мен салт-жоралар, халық шығармашылығы және халық қолөнері, орыс халқының әдет-ғұрыптары сақтау және дамыту. Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік мекемелерімен және ұйымдарымен мәдени және іскерлік байланыстарды орнату, кеңейту және нығайту. ШҚО аумағында жұмыс істейтін өзге этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру. 

Міндеттері: Жастарды орыс халқының салт-дәстүрлерімен  таныстыру және оқыту, орыс мәдениетінің тарихын қалыптастыру Достық үйінің базасында мамандар мен бірлесіп  курстар мен дәрістер ұйымдастыру;

 Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы Достастық үйі –Қоғамдық келісім орталығы жанындағы «Жаңғырту» мектебімен бірге орыс тілін, тарихын, мәдениетін, орыс әдебиетінің классиктерінің еңбектерін  терең зерттеу; 

Вокалды-хореографиялық өнерді ұйымдастыру, мерекелерді өткізу, халық қолөнерінің көрмелерін және басқа да іс-шараларды өткізу;

Басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін орыс халқының тарихы, мәдениеті мен өнеріне бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және әртүрлі шығармашылық бірлестіктердің қызметі арқылы тарту;