Заңды атауы: «Шығыс Қазақстан облыстық славян мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Яковлев Александр Андреевич

тіркелген мерзімі: 18.01.1992 ж. 31.12.1996 ж қайта тіркеуден өтті

Бірлестік мүшелерінің саны: 500

 1990 жылғы тамызда қалалық ұйым ретінде құрылған, 1992 жылғы 18 қаңтарда аймақтық қоғамға айналды. Жарғыға сәйкес қоғамдық бірлестіктің  мақсаты -  дәстүрлі мәдениетті зерттеу және сақтау: Халықтық күнтізбедегі мерекелер мен фестивальдарды атап өту. Орыс тілін үйрету, Орыс халқының тарихын және мәдениетін, казак мәдениетін қалпына келтіру.