Жастар лигасы

2016 жылдың 29 сәуірде құрылды, Қазақстан Халық Ассамблеясы ерікті қатысушылары және келісім мен ынтымақтастық негізінде, жастардың өзін-өзі басқару органы болып табылады. 

МҮШЕЛЕРІ:

ШҚО қалалары мен аудандарының Достық үйлері этномәдени бірлестіктерінің жас өкілдерінен, қоғамдық бірлестіктерден, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдардан құрылған.

Төрайымы: Миронова Юлия Вячиславовна

МАҚСАТЫ:

Жас шығыс қазақстандықтарды «Болашағы бір тұтас ұлтты» қалыптастыруға, жаңа тәсілдерді әзірлеуге, «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бойынша белгіленген IV бағыты «Бірлік пен біртектілікті» жүзеге асыру.

МІНДЕТІ:

Үздіксіздік қағидаты негізінде салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, мемлекеттік және өз тілін үйренуге жастардың қызығушылығын дамыту, мемлекеттің ұлттық саясатты жетілдіру және жүзеге асыру үшін ЭМБ жастар секцияларын біріктіру арқылы Қазақстан Халық Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне жетілдірудің жалпы тәсілдерін әзірлеу, қоғамдық үйлесімділік пен бірлікті нығайту.