«Рождество Христово» мерекесі

07-01-2020

«Рождество Христово» мерекесі

Қазақстан – өзге этнос өкілдерінің салт-дәстүрлеріне құрметпен қарайтын көпұлтты мемлекет. Этникалық алуан түрлілік пен халықтың бірлігі - біздің басты байлығымыз.

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Рождество Христово» мерекесіне арналған көңілді іс-шара өтті. Оған барлық қала тұрғындарының қатысуына мүмкіндігі болды.

Кіреберістен келушілер мерекелік атмосфераға еніп, «Белая сова» шығармашылық бірлестігінің көрмесін тамашалады. Қолөнершілердің бұйымдарын тамашалаған соң, көрермендер мерекелік бағдарламаның қызығына кіріп кетті. Жаңа жылдық ән шашулар мен мың бұралған бишілер мерекенің ажырын келтірді. Онымен қоса, «Рождество Христовоның» шығу тарихы мен тойлану дәстүрі баяндалды.

Рождество мерекесі қала тұрғындарына керемет әсер қалдырып, Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Адамдар бір-біріне мейірімді болып, таңғажайыпқа сенгендей...