Қайырымдылық акциясы

30-12-2019

Қайырымдылық акциясы

Қыс – таңғажайыпқа толы кезең. Сондықтан ШҚО ҚХА хатшылығы, оның меңгерушісі – Жанна Асқарова және этномәдени бірлестік мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар штабы Серебрянск қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Жаңа жылдық мереке сыйлады.

Қонақтар балаларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Жанна Асқарова болса, балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясының және Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының жұмысын таныстырды. Ол еліміздің дамуы үшін ұлттар арасындағы бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын түсіндірді.

Әр бала қамқорлық пен қолдауға, мейірімділікке мұқтаж екені белгілі. Сондықтан оларға осындай мереке сыйлап, көңіл бөлу керек. Жаңа жылдық сыйлыққа мәз болған балалар, ақ көңілдерінен шыққан алғыстарын білдірді.

ШҚО ҚХА мен Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырған соңғы қайырымдылық акциясы емес. Біз игі істерімізбен талай жанды қуанышқа бөлейтін боламыз!