ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының мүшелері жолдауды талқылады

02-02-2018

ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының мүшелері жолдауды талқылады

Ағымдағы жылдың 02 ақпаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми сараптамалық тобының Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылдың  10 қаңтарында жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылауға арналған кеңейтілген отырысы өтті. 

Отырысқа ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының, журналистер клубының, қоғамдық келісім кеңесі, журналистер клубы, жастар лигасының мүшелері және этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен студенттері  қатысты.

Шара барысында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты С.Аманжолов атындағы ШҚМУ музейінің директоры, ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының мүшесі Әділ Сайлаубекұлы Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы, елдің дамуына тың серпін беретін, тарихи құжат екендігін атап өтті. Сонымен қатар отырыс барысында ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының мүшелері өткен жылды қорытындылай отырып, осы жылға арналған жаңа жұмыс жоспарын бекітті.