ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

05-10-2018

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Ағымдағы жылдың 5 қазаны күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығынна Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Қазақстан халқына жолдауын республикалық «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде тыңдауға  ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің, Аналар кеңесінің, Журналистер клубының, «Жаңғыру жолы» жастар штабның мүшелері этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өңіріміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың биылғы жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбымен халыққа жол тартты.  

Смагулова Гулшат «Шығыс Қазақстан Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

- 2018 жылдың 5 қазаны күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.  Жолдауда Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мәселесі қозғалды. Ел қауіпсіздігі, медицина және білім саласы, ауыл шаруашылығы терең талқыланды. Тұрғын үй әлуетін дамыту, халыққа баспана алу жеңілдіктерін жасау қолға алынатыны айтылды. Қазақстан халқы үшін бұл мәселелердің шешілуі тағы бір қадам алға жылжудың бірден-бір бастамасы боларына сенемін.