ҰЛЫ ЕЛДІҢ ҰЛЫ АЗАМАТЫ

06-07-2020

ҰЛЫ ЕЛДІҢ ҰЛЫ АЗАМАТЫ

Мен Ақтөбе қаласында 2016 жылдың 10 наурызында өткен «Жастық! Жігер! Еңбек!» атты республикалық жастар форумында Елбасымен алғаш рет бетпе - бет жүздескен едім. 2016 жылы желтоқсан айында Астана қаласында «Тұңғыш Президент» күніне орай ұйымдастырылған жастар форумында Елбасымен екінші мәрте жүздестім. Сол сәттердегі кездесулерден алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес... Елбасының қатысуымен өткен үлкен шараға қатысу, Елбасының алдында сөз сөйлеу мен үшін үлкен қуаныш, әрі мәртебе болды. Сол сәтте жастарға айтқан өсиеттері мені қанаттандырып, асқақ армандарға жетеледі. Президентіміздің «Қарапайымдылықтан» - «Ұлылыққа» дейін жеткен Ұлы жолы - Мен үшін, Жастар үшін, үлкен өнеге мен үлгі деп білемін.
Форум барысында Елбасымыз: «XXI ғасырды біз жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі деп те атаймыз. Қазақстанда бүгінде әрбір төртінші азамат – жас ұрпақтың өкілі. Мені сіздердің білімдеріңіз, шетел тілдерін игергендеріңіз, инновацияға ашық болуға талпыныстарыңыз қуантады», «Сіздер – елдің болашағысыздар. Сіздер мен біздің ұлы мақсатымыз бар. Армандар ұмтылған кезде ғана орындалады. Қазақстан ХХІ ғасырда қуатты әрі өздеріңмен бірге өркендейтін ел болуы үшін сіздердің күш-жігерлеріңіз, ынтымақтарыңыз, табандылықтарыңыз бен таланттарыңыз жеткілікті екеніне сенемін»- деген қанатты сөздері менің жадымда мәңгілік өсеиет болып сақталды...Алдағы мақсаттарға жетуге үлкен түрткі болды.
Ел жастардың әлеуетін дамытуға және жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасап, ұсынған ұтымды жобалары Қазақстан Жастары үшін жасалған үлкен мүмкіндіктер еді. Сондықтан да, Елбасының жастарға жасаған жанашырлығы мен қамқорлығы үшін Жастар атынан шексіз алғысымды білдіремін.
Мен үшін Елбасының өмірі мен еңбек жолы, дара жолы – еліміздің патриоты болудың жарқын үлгісі болып қала бермек...
Жетписова Жулдыз Жумакановна,
Глубокое ауданының «Ақбота» балабақшасының директоры