Тағылымды дәріс

27-11-2019

Тағылымды дәріс

«Тұңғыш Президент күніне» орай «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» мерекелік іс-шаралар легін бастап кетті. Соның бірі – жас ұрпаққа Елбасының дара жолын дәріптеу мақсатында кездесу ұйымдастыру.

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушыларына Элдар Төлеубеков «Елбасының жасампаздық лидерлігі» атты дәріс оқыды. Кездесу барысында Елбасының тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы рөлі және Назарбаев феномені туралы ойымен бөлісті. Тәуелсіздік алғаннан кейін көпұлтты мемлекетті ынтымақ пен бірлікте ұстаудағы Елбасының сындарлы саясаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығына ерекше тоқталды. Зейін қойып тыңдаған жас буынға басқа ұлттардың мәденеті мен дәстүрін сыйлап, құрметтеуді сұрады. Себебі, мемлекеттің дамуы тікелей қазақстандықтардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруімен байланысты екенін тілге тиек етті. Оқушылар өз кезегінде Достық үйі қызметі туралы қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

Осындай тағылымды дәрістер айтулы күндердің маңыздылығын түсіндіріп, жас ұрпақ бойына патриоттық сезімді ұялатары сөзсіз.