Біздің күшіміз - бірлікте

20-03-2020

Біздің күшіміз - бірлікте

Өскеменде "Біздің күшіміз - бірлікте" атты акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлері қала тұрғындарына короновируспен күресуге көмектесті. Өскеменде "Біздің күшіміз - бірлікте" атты акциясы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлері қала тұрғындарына короновируспен күресуге көмектесті. Жеке кәсіпкер Тлеужан Сайлауұлының шеберлік сағатына қатыса отырып, волонтерлер медициналық маскаларды өз қолдарымен жасады. Керекті құрал жабдықтарды жеке кәсіпкер ұсынды. Дайын маскаларды жастар қала түрғындарына таратып, қауіпті індеттен сақтанудың жолдарын айтты. Адам көп шоғырланған жерлерге бармауды ескертті.

- Бүгінгі күні денсаулығымызға салғырт қарауға болмайды. Сақтық шараларын бұлжытпай орындауымыз керек. Осы орайда, көмек қолын созған волонтерлерге алғыс білдіргім келеді, - деді волонтерлердің игі ісіне риза болған қала тұрғыны. Барлық қала тұрғындарын сабырлыққа шақыра отырып, сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеміз. Қоғамда орын алған мәселе бойынша тек ресми ақпарат көздерінен оқуға шақырамыз