ҚХА-ның 25 жылдығына арналған қызметін ақпараттандыруда жаңа әдістерді енгізу

26-11-2019

ҚХА-ның 25 жылдығына арналған қызметін ақпараттандыруда жаңа әдістерді енгізу

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында республикалық семинар-тренинг өтті.


«ҚХА-ның 25 жылдығына арналған қызметін ақпараттандыруда жаңа әдістерді енгізу» атты сминар-тренинг Достық үйлерінің баспасөз қызметкерлеріне арналды. Іс-шараның басты мақсаты ақапарат таратудың инновациялық әдістерімен таныстыру, өңірлер арасында өзара тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынасты нығайту.
Семинарды білікті мамандар жүргізіп, түрлі тақырыптарды қозғады. Директордың орынбасары Равиль Юнусов «Көшбасшылық» тақырыбында ой өрбітті.

Ал орыс этномәдени бірлестігінің төрайымы Вера Правдина өзінің шешен сөйлеу қасиетімен бөлісті. Қатысушылар арасында топтық жұмыстар жүргізіп, көпшілік алдында сөйлеудің қыр-сырын үйретті. Баспасөз қызметінің маманы Айзада Бибулова болса, әлеуметтік желілерді сауатты қолдану және ақпаратты тиімді тарату жайлы айтты. Одан бөлек іс-шараға арнайы фотографтар келіп, фотоға дұрыс түсіру мен бейнероликті жасау әдістері туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Ақпараттың көптігі қатысушыларды шаршатпай, керісінше қызықты, әрі пайдалы болды. Барлық айтылғандарды зейін қойып тыңдап, түйгендерін әріптестерімен бөлісуге асықты. Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы атынан Элдар Төлеубеков семинар-тренингтен өткенін растайтын сертификаттармен қатысушыларды марапаттады.