ШҚО кәрістер Қауымдастығы Чхусок мерекесін атап өтті

07-10-2017

ШҚО кәрістер Қауымдастығы Чхусок мерекесін атап өтті

7 қазан күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ШҚО кәрістер Қауымдастығы «Чхусок» ұлттық мерекесін атап өтті.

Чхусокежелден келе жатқан отбасылық мереке. Адамдар мол егін орағы үшін ата-бабаларына тағзым етеді. Кәрістер үшін шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлаудан кейінгі маңыздылығы жағынан екінші мейрам.

Биылғы жылы мереке Корей мәдениет орталығымен (Астана қ.) бірге жаңа форматта өткізіліп, 2017 жылдың бірнеше маңызды күндері – Қазақстан  Республикасының тұңғыш Достық үйінің 25-жылдық мерейтойына, кәріс ұлтының Қазақ жеріне  қоныстанғанына 80 жыл толуына және 2018 жылы Пхенчан қаласында өтетін қысқы Олимпиадаға арналды.

Кәріс этномәдени бірлестігінің «Инсаноре», «Торади» және жас барабаншылар «Самульнори» шығармашылық ұжымдары дайындаған әсерлі мерекелік концерт барлық қатысушылардың көңілінен шықты.

Сондай-ақ, Чхусок мерекесі аясында Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы корей кинофестивалі басталды. Шара соңында корейлік кинематографияның алғашғы фильмдері көрсетілді.