«Астана – бейбітшілік бесігі» жалпықазақстандық ашық диктант

20-09-2018

«Астана – бейбітшілік бесігі» жалпықазақстандық ашық диктант

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі күні Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбы мен жалпықазақстандық ашық диктант жазылды.  Жыл сайын дәстүрлі түрде өтедін «Мың бала»  мәдени ағарту жобасы шеңберінде ұйымдастырылған шаранығң өтуіне ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен  ШҚО білім беру басқармасы атсалысты. Жалпықазақстандық ашық диктанты жазуға өңіріміздегі мектептердің 7- 10 сынып оқушылары, студенттер, этномәдени бірлестік өкілдері,  жастар ұйымының мүшелері, және ниет білдіруші азаматтар қатысты.   Ашық диктант республика бойынша бір уақытта (синхронды түрде)  басталды.  Өз кезегінде сөз алған Достык үйі - қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков барлық шараға қатысушыларға сәттілік тіледі. Диктантты Ж.Жабаев атындағы интернат мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Алдебаева Жания Зиябекқызы оқыды.    Шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тілді білуге қызығушылықтарын арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Дикатанты арнайы құрылған комиссия тексеріп, қортынды бағасын шығарды.  Комиссия құрамында  Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі Азамат Қасым,   Достык үйі - қоғамдық келісім орталығының этносаралық ахуалды талдау және мониторинг жүргізу бөлімінің басшысының міндетін атқарушы  Асан Асқарұлы,  Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжынің қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі Кайкенова  Айнур Мураткызы, Ж.Жабаев атындағы интернат мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Алдебаева Жания Зиябекқызы   болды.