Журналистер Достық үйінде

12-02-2018

Журналистер Достық үйінде

Ағымдағы жылдың 12 ақпаны күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифинг барысында Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубекұлы журналистерге Достық үйінің өткен жылда атқарылған жұмыстары мен таныстыра отырып жаңа Достық сарайдағы жүзеге асырылатын  жаңа жұмыс жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар журналистер Достық үйінің үлкен және кіші би залдарын, этномәдени бірлестіктерінің, Медиация ортаығының,  «Белая сова» қол өнер бірлестігінің кабинеттерін аралап ондағы қайталанбас қол өнер туындыларын тапашалап,  ШҚО ҚХА мұражайындағы құнды жәдігерлер мен танысты. Сондай-ақ  журналитер Достық үйі – қоғамдық келісім  орталығының басшылығына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.