Достық үйім – тірегім...

20-09-2017

Достық үйім – тірегім...

Табиғаттан ажырамас тіршілік,

Көктем келсе, құлпырады гүл шығып.

Шаңырағын көтерейік ағайын...

Достық үйі жанынағы құламасын бір шыбық.

 

Қымбат нәрсе сыйластық қой білдік пе?

Татулықта, ынтымақта, бірлікте.

Қай ұлт болсын, бірімізді біріміз,

Сыйласайық қадір тұтып тірлікте.

 

Достық үйім - тірегім,

Жырыма қосып жүремін,

Қол ұстасып қанша ұлтпен,

Ән айтып, би билеймін.

 

Біз қазақ ежелден ел едік жері бай,

Өр мінез, ақ көңіл, қонақжай.

Айқара ашып достығымның есігін,

Бөтенсінбей тербетік басқада ұлттың есігін...

 

Гүлшат Смағұлқызы

«Ақниет» ұжымының мүшесі