Достық үйінің 25 жылдық мерейтойы гала концертпен аяқталды

29-09-2017

Достық үйінің 25 жылдық мерейтойы гала концертпен аяқталды

Достық үйінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Достық үйлері директорларының форумы өтті. Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы меңгерушісінің орынбасары Прокопенко Леонид Андреевич, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Светлана Ферхо және басқа да обылыстардағы «Қоғамдық келісім»КММ басшылары мен қызыметкерлері, қалалық және аудандық Достық үйлерінің директорлары мен этномәдени бірлестік төрағалары қатысты.Форум барысында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы меңгерушісінің орынбасары Л. А Прокопенко осыдан жиырма бес жыл бұрын ашылған Достық үйі талай тың жобалармен жаңаша идеяларға бастамашы болғандығын, күні бүгінге дейін сол бастамашылдық үрдістен жаңылмай сақтап келе жатқандығын айта келе ширек ғасырлық мерейтойын атап отырған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұжымын мерекелерімен құттықтап, өзінің жүрек жарды лебізін жеткізді. Кезекті сөз алған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Светлана Ферхо өзі туып өскен өлкедегі татулық пен бірліктің мысзғымай салтанат құрғандығына, осы өңірде тіршілік етіп жатқан сан ұлттың алтын ұясына айналған ортақ үйлері Достық үйінің алар орны ерекше екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Форумға қатысқан өзге өңірлерден келген Қоғамдық келісім орталықтарының басшылары мен қызыметкерлері де өз тәжрибелері мен бөлісе отырып, Достық үйі ұжымын ел көлемінде тойланып жатқан мерейтойлары мен арнайы құттықтап, естелік сыйлықтарын табыстады. Отырысты қорытындылаған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков Форум қатысушылары мен 25 жылдық мерейтойға арнайы келген қонақтарға алғыс білдірді. Шара соңы аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлының қатысуымен өткен гала концертке жалғасты. Гала концерттің ашылу салтанатында Д.К Ахметов Достық үйінің 25 жылдық мерей тойымен арнайы құттықтап, бір қатар этномәдени бірлестік төрағаларына Достық үйінің 25 жылдық естелік медалдарын табыстады.