Достық үйіне 25 жыл

28-09-2017

Достық үйіне 25 жыл

Ағымдығы жылдың 28 қыркүйегі күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бас ғимаратының конференция залында Достық үйінің 25 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуы жасалып, «Қазақстандағы және шекаралас аймақтардағы   этнодемографиялық  үрдістер» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өтті. Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» РММ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы өкілдері, аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылықтарының меңгерушілері мен «Қоғамдық келісім» КММ директорлары, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, ШҚО ҚХА Ғылыми сараптамалық тобы, ШҚО ҚХА Аналар кеңесі, ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесі, ШҚО ҚХА Меценаттар клубы, ШҚО ҚХА Журналистер клубы және ШҚО ҚХА Жастар лигасы мүшелері және көршілес Ресей Федарациясының Барнаул, Новосібір  қалаларынан келген ғалымдар қатысты. Мерейтойға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Прокопенко Леонид Андреевич және ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Краснобаева Нелли Леонидовна арнайы құттықтады. Ғылыми конференцияда өзекті тақырыптар қозғалып, «Қазақстандағы     және шекаралас аймақтардағы этнодемографиялық үрдістер»          мәселесі  кеңінен талқыланды.      Әр өңірден келген қонақтар Достық үйінің ресми сайтында орналасқан  виртуалды медиация кабинетінің жұмысымен танысып, медиация саласына байланысты жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.  Сондай –ақ,  өткен жылдың бірінші желтоқсанында ашылған Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының тұңғыш мұражайын аралап, Достық үйінің тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлерді тамашалады. Қонақтар Өскемен қаласының сол жағалауында орналасқан  елімізде баламасы жоқ этноауыл кешеніне де арнайы атбасын бұрды.  Достық үйінің 25 жылдық мерейтойы  28-29 – қыркүйек күндері  кең көлемде тойланатын болды.