Елбасының кезекті жолдауын талқылады

11-10-2018

Елбасының кезекті жолдауын талқылады

Ағымдағы жылдың 11 қазаны күні Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылады. Іс-шараның ұйымдастырушылары - Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы және Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының  «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» КММ. Жолдауды талқылауға ШҚО ҚХА ҒСТ өкілдері, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, меценаттар және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің  2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының барлық тармақтарын егжей-тегжейлі талқылау.

- Елбасы осы жолдауында еліміздің болашағы жастарға зор сенім арта отырып, келер 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.

- Бүгінде еліміздегі жастардың игілігі мен алға жылжуы үшін барлық жағдай  жасалған, - деді  Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы директоры Эльдар Төлеубекұлы.