Қайырымдылық керуені - «Сарқыт» айы

08-01-2019

Қайырымдылық керуені - «Сарқыт» айы

Ағымдағы жылдың 7 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық қайырымдылық акциясы іске қосылды. 
Биылғы жылы «Қайырымдылық керуені» «Мейірімділік пен бірлікке!» ұранымен өтуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенконың айтуынша, ай сайын бұл іс-шара белгілі бір тақырыпқа арналады. Мысалы, қаңтар «Сарқыт», ақпан - «Сыбаға», наурыз - «Шашу», сәуір - «Асар» және т.б. Өткен жылы «Қайырымдылық керуені» аясында еліміз бойынша 8 700 қайырымдылық іс-шарасы өткізілді, 400 мың адам 2,5 миллиард теңгеден астам сомаға көмек алды. 78 меценаттар арнайы құрылған Ассамблея кеңесінің ҚХА «Жомарт жан» белгісімен марапатталды. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы аталмыш акцияны жүзеге асыру мақсатында қаламыздағы көп балалы, аз қамтылған отбасыларға «Сарқыт» қоржынын табыстады. Айта кетер болсақ, бір ай бойы облысымызда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға арналған шаралар өз жалғасын табатын болады.