«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы»жобасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды қорытындылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

12-12-2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы»жобасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды қорытындылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

2018 жылдың 12 желтоқсаны күні Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы»жобасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтті. 
Іс-шараға этно-фольклорлық экспедицияның мүшелері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Рухани жаңғыру» кафедрасының қызметкерлеріжәне этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. 
Дөңгелек үстел барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында өткізілген фестивальдер мен экспедициялардың жұмыстарына қорытынды жасалды. 
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында 2018 жылға 300-ге жуық іс-шаралар өткізілді, онда 75 мыңнан астам адам қатысты. «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фестивальдер өткізілді. Жобаға 10 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде аса ерекшелінгендер «Бабалар мұрасы» қазақ мәдениеті, татар халқының «Сабантойы», «Ертіс әуендері» орыс өнер фестивалі тағы басқалар. Сонымен қатар, мәдени мұраларымыз бен халықтық фольклорымызды қайта жаңғыртуға арналған 3 экспедиция тобы құрылды. Халқымыздың көне аңыз-әбсәнә, жыр-дастандарын, халықтық фольклордарды қайта жаңғырту мақсатында жұмыстар жүргізілді. Айта кету керек, экспедициялық топтар өңіріміздің бірнеше аудандарын аралады. Атап айтар болсақ Катон – Қарағай, Бесқарағай, Аягөз, Ұржар, Зайсан, Көкпекті, Шемонаиха және тағы басқалары. 
Бүгінгі шара жыл көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асыру үшін ШҚО әкімі Даниал Кежетайұлының тапсырмасымен қолға алынған «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында өткізілген фестивалдер мен экспедициялардың жұмысын қортындылау мақсатында ұйымдастырылуда. Жоба барысында түрлі деңгейдегі 9 фестиваль ұйымдастырылп, мәдени мұраларымыз бен халықтық фольклорымызды қайта жаңғыртуға арналған 3 экспедиция тобы құрылды. 
Жобаның негізгі мақсаты рухани құндылықтарға сүйене отырып, Шығыс Қазақстан халқының рухани мәдениетінің мұрасы, өмір салты мен дағдылары ретінде фольклорды зерттеу, сақтау және дамыту болып табылады – деді Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығынң директоры Эльдар Төлеубекұлы. 
Сонымен қатар отырыс барысында 3 экспедиция жетекшілерімен мүшелері экспедиция барысында жинақталған дүниелерді таныстырып, журналистер мен қатысушылардың тараптарынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 
Өз кезегінде сөз алған ШҚО өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалау кеңесінің бас менеджері Серік Қасенұлы ШҚО-дағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы туралы баяндады.