Президент жолдауын талқылауға арналған дәріс

07-02-2018

Президент жолдауын талқылауға арналған дәріс

2018 жылдың 7 ақпаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ҚАЕУ колледжінің студенттеріне Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылауға арналған дәріс сабағы өтті.

Отырыс барысында С.Аманжолов атындағы «Алтайтану» ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, ҚХА кафедра меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Столярова Элеонора Олеговна 10 қаңтарда жарияланған Елбасы Жолдауының толық нұсқасын оқып шығып, 10 басымдыққа арнайы тоқталып өтті. 

Шара барысында студенттер жолдауды талқылауға белсене қатысып, мазалаған сұрақтарын қойып жатты. Алдағы уақытта Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында әр түрлі тақырыпта дәріс сабақтары жүргізілетін болады.