«Mein Familienalbum»- «Менің отбасылық альбомым»

04-10-2017

«Mein Familienalbum»- «Менің отбасылық альбомым»

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Семей қаласының Достық үйінде 
«Возрождение» қоғамдық бірлестігі «Mein Familienalbum» - «Менің отбасылық альбомым» атты сайысын өткізді.
Осы іс- шараға үлкен қызығушылықпен ШҚО-ның көптеген  аудандарының өкілдері, Бесқарағай ауданынан неміс ЭМБ-нің төрайымы Н.В Зигле, мүшесі В.П.Каель және «ДосStar» ЭМБ –ның жастар мүшелері П.Г.Майндурова, И.С.Калтаева қатысты.
Сайысқа қатысушылар өздерінің отбасылық өмірбаяндарын бейнетаспамен, фотослайдтармен таныстырды. Іс-шараның соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.