Жолдауды іске асырудың негізгі міндеттері талқыланды

31-01-2018

Жолдауды іске асырудың негізгі міндеттері талқыланды

2018 жылдың 31 қаңтарда сағат 11:00-де Астана қаласында Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж Шпекбаевтың төрағалығымен «Агенттіктің 2017 жылдағы жұмыс қорытындылары, қызметінің басым бағыттары мен Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру бойынша негізгі міндеттер туралы» тақырыбындағы кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Өз кезегінде сөз алған Алик Жатқанбайұлы біз жұмыстың үйреншікті тәсілдерін өзгертуге шұғыл бағыт алдық, сандық технологиялар дәуірінде үлкен өзгерістерден шет қалмау үшін, бір ізді жолдан бастартып, жаңаша ұстанымдарды ұран етіп ескірген түсініктерден құтылуымыз керек. Осындай жағдайда өзгерістердің алдынғы шебінде тұратын агенттік үшін жауапкершіліктің жүгі арта түсіуде. Агенттік мемлекттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға,оған қоғам өкілдерінің бақылау жасау жұмысының деңгейін арттырады. Мемлекетік органдардың көрсететін қызыметтері азаматтар үшін ашық және барынша қолайлы болуы тиіс –деді.

         Отырыс барысын «bnews.kz» ақпараттық сайтынан онлайн трансляция арқылы тамашалаған   Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұжымымен этномәдени бірлестік мүшелері және ақсақалдары мен жастары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алда жүзеге асырылатын жұмыс  жоспарымен таныса отырып, еліміздегі мемлектік қызметтің сапасының артатындығына және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың азаятындығына өз сенімдерін білдірді.