Православтық Рождество 2019

08-01-2019

Православтық Рождество 2019

Ағымдағы жылдың 7 қаңтар күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында православ шіркеуінің мерекесін тойлауға арналған концерт өтті. 
Рождество - ұлы мереке, барлық христиандар үшін салтанатты күн. Рождествоның басты символы, әрине, шырша. Ол православие дәстүрінде ерекше орын алады. 
Мереке басында ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы мен православ дін қызметкері құттықтау сөз сөйледі. 
Концертте «Русская песня», «Бастеньки», «Ақниет» ансамблі, «Арабеск» би ансамблі және Шығыс Қазақстан облысының қонақтары өнер көрсетті. 
Сонымен қатар, концертте «Белая сова» қолданбалы өнер бірлестігінің шеберлері қолөнер бұйымдарын ұсынды, ал Достық үйінің фойесінде классикалық музыканың белгілі шедеврлерін орындаушы оркестр болды. 
Сондай-ақ, концерт барысында қонақтар 2019 жылдың қаңтарында басталған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Сарқыт» қайырымдылық шарасы аясында көмек көрсете алды. Қайырымдылық шарасы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған.