«Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында орыс фольклоры зерттелді

05-10-2018

«Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында орыс фольклоры зерттелді

4 қазанда Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының славян этномәдени бірлестігінің төрағасы Яковлев Александр Андреевич бастаған экспедиция Зырян ауданына барып, ежелгі жергілікті орыс халық әндері мен халықтық билерін зерттеу мақсатында шығармашылық топтармен кездесті. 
Біріншіден, біз Первороссийка деген ауылға бет алдық, осы жерде бұрынғы болған «Товарушка» ансамблінің қатысушылары - Бургар Зинаида Павловна, Фефелева Зоя Васильевна және Онеченко Зоя Степановна бізді қуана қарысы алып, өздерінің орындауларындағы ежелгі әндерден тарту жасады. 
Экспедицияның екінші күні Зырян ауданы Путинцево ауылында өтті. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары тек 600 адам, олардың 60-ы жергілікті мектепке баратын балалар. Путинцевода біз әншілер Самойлова Галина Михалайловна, Шиганина Татьяна Петровна, Вакуленко Евдокия Ивановна және Овсянникова Нина Григорьевнамен кездестік.

 Экспедицияның соңғы кезеңі Чиркаин ауылында болды, онда «Досуг» жергілікті клубында биылғы жылы 13 жасқа толған «Сударушки» атты ансамблімен таныстық. «Сударушки» күлкілі және қайғылы, күрделі және қарапайым ескі орыс әндерін шырқайды. Ансамбілдің мүшелері: С.Х. Болғымбаева, Т.К. Владимир, Т.В. Харлемман, Л.И. Ивлева, Н.Т. Лутай, З.Д. Макарова, Г.И.Мыслинцева, Н.В.Черепанова.