Толеранттылық мектебінің  XI  сессиясы өтті

02-11-2018

Толеранттылық мектебінің XI сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 1 қарашасы күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында толеранттылық мектебінің XI сессиясы өтті. Шараға өңіріміздің жоғары оқу орындарының студенттері мен ШҚО ҚХА ғылыми – сараптамалық тобының мүшелері қатысты.  

         Шараның алғашқы күні қатысушыларға әлеуметтану ғылымының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы ҚХА кафедрасының меңгерушісі Столярова Элеонора Олеговна,  тарих ғылымдарының кандидаты ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының  жетекшісі Краснобаева Нелли Леонидовна, «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының диекторы Алексеенко Александр Николаевич,  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ- дың құқықтық кафедрасының меңгерушісі  Рахимбердин Куат Хажумуханович, «Ақжол» партиясының ШҚО филалының жетекшісі Курмангалиев Талгат Тлебалдыевич дәрістер оқыды.