Облыстық украин мәдениетінің фестивалі өтті

29-09-2018

Облыстық украин мәдениетінің фестивалі өтті

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы  бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» - жобасы аясында  облыстық украин мәдениетінің фестивалі өтті. Оның негізгі мақсаты «Шығыс  Қазақстан  облысындағы  Қазақстан  халқының  мәдени  мұрасы»  жобасы аясындағы  украин  мәдениетін зертеу. Іс-шараны ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы  ұйымдастырды. Фестивальге облыстыңӨскемен, Зырян, Шемонаиха, Глубокое және Ұлан аудандарыныңукраин шығармашылық ұжымдары, Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының украин этномәдени бірлестік өкілдері, қолөнер шеберлері қатысты. Фестиваль барысында көрермендерге украин халық ән, билері мен қатар, ұлттық тағамдар қойылған көрме ұсынылды. Өз кезегінде сөз алғанШҚО  Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Асқар Қисаұлы ұжымдарды мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.  Фестиваль соңындабарлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.