Фестиваль языков

26-09-2017

Фестиваль языков

Қазақстан халқы тілдері фестивалі – бұл әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін мереке, бір-біріне деген құрметі, Отанымыздың барлық халықтарын бейбітшілік пен достықта, тату-тәтті өмір сүруіне шақыру.  2017 жылдың 22 қыркүйек күні Қалалық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған фестиваль өткізілді. Фестивальға Достық үйінің қызметкерлері мен белсенділері, этномәдени бірлестіктерінің, Аналар кеңесінің мүшелері белсене қатысты.  Достық үйінің этномәдени бірлестіктері ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнерлерінің, тағамдарының көрмесін ұйымдастырып, концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсетті. Құттықтау сөздер, әндер мен өлеңдер әртүрлі тілде орындалды. Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.