Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік концерт өтті

04-12-2018

Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік концерт өтті

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны күні   Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында  кіші концерт залының салтанаты ашылуы болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт осы  жаңадан ашылған концерт залында өтті.

Мерекелік шараға  «Русская песня», «Атамұра», «Барвинок», «Майглекхен», «Гармония»,  «Ақниет» ансамбілдері, «Арабеск», «Вайнах», «Ақтолын», «Непоседы»,  «Экспрессия», «Еркетай хореографиялық ансамбілдері және жеке орындаушылар Гүлзада Хамитова мен Валентина Фрышко өнер көрсетті.

 Шарада Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев сөз сөйледі. Марапаттау рәсімінде ол Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқаны үшін Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің және шығармашылық ұжымдарының өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.

- Біздің Президентімізге және барлық қазақстандықтарымызға мемлекетіміздің жұлдызы жарқын және жоғары болғандығын тілейміз. Мейрамдарыңызбен, - деді концерт қонақтары.