1992 жылы Өскемен қаласында  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауы мен Халықтар достығы үйін ашты.Бүгінгі таңда орталығында 22 этномәдени бірлестік, сондай-ақ 27 шығармашылық ұжымы өз жұмыстарын атқаруда.
                                                              ҚХА Аналар кеңесі


Аналар кеңесі 2015 жылдың қараша айында құрылды.
Шығыс Қазақстан облысында - 284 аналар кеңесі, облыста -1, оның ішінде 15 аудандық, 3 қалалық, 255 ауылдық округ және оның 10 - ы кәсіпорындарда құралды. Бүгінде Шығыс қазақстан облысы бойынша ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің құрамында 1387 адам бар.


                                                  ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі


2016 жылдың 16 ақпанында құрылып Кеңес ШҚО аумағында тұратын этностарға қатысты туындаған даулар мен проблемаларды шешуге ықпал етуде. Құрылған сәттен бастап облыс кеңесімен 1158 - дей халықтың мәселелері мен проблемалары қарастырылып шешімін тапқан.


                                                   Медиация саласын дамыту


Достық үйінде 2015 жылдан бастап медиация кабинеті жұмыс істей бастады. 
Шығыс Қазақстан облысында 17 медиация кабинеті ашылып, барлығы 591 кәсіби емес медиатор, 42 кәсіби медиатор тіркелген, оның ішінде ҚХА-мен бірлесіп 116 кәсіби емес медиатор және 19 кәсіби медиатор жұмыс істейді.

                                        «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары»


2019 жылы қарт адамдарға арналған «белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» ашылды. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен   Зейнеткерлерге арналған демалыс орталықтары ашылды. Қәзір ШҚО бойынша барлығы 7 орталық ашылып жұмыс атқаруда.

                                                          Еріктілер қозғалысы орталығы


Шығыс Қазақстан облысында Достық үйлерінің жанында қазіргі уақытта облыс бойынша 13 еріктілер қозғалысы орталығы жұмыс істеуде. Облыс бойынша 1657 жас, бүгінде еріктілер қозғалысының мүшелері болып табылады.
                                                                ШҚО Достық үйлері


Бүгінгі күні ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін 13 Достық үйі құрылып тұрақты жұмыс істеуде, олардың ішінде 1 облыстық (Өскемен қ.), 3 қалалық (Семей қ., Курчатов қ., Риддер қ.) және 9 аудандық (Бесқарағай ауданы, Катонқарағай ауданы, Глубокое ауданы, Шемонаиха ауданы, Бородулиха ауданы, Ұлан ауданы, Үржар ауданы, Жарма ауданы, Алтай ауданы).

  • ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

    Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.

    Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

    Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.

    2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.

     

    ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ