Өз ісінің шеберлері!

08-06-2021

Өз ісінің шеберлері!

Шығыс Қазақстан облысының жастар ресурстық орталығы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен «Бүгіннің батырлары» атты кездесу өткізді, олардың күшімен Риддер қаласының Лесхоз ауылында болған өрт сөндірілді. Кездесу жастармен диалог алаңы форматында өтті. Қатысушылар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері де болды.

«Бұл іс-шараның негізгі мақсаты, әрине, саналы жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, өз еліне адал қызмет етуге шақыру, жастар арасында батылдық пен батырлықты насихаттау», - дейді ұйымдастырушылар.

Риддерде болған өртті оқшаулауға үлкен үлес қосқан өрт сөндірушілер балаларға оқиға орнында қалай әрекет еткендері туралы айтып берді. Біздің заманымыздың қаһармандары Жас ұрпақ өкілдеріне олардың еңбек жолы мен кәсіби қалыптасуы неден басталғанын айтып берді. Сондай-ақ, өрт шыққан жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтылды. 

«Бұл адамдардан үлгі алу керек. Олар адам өмірін құтқарады және оларға еңбекқорлық, жауапкершілік және өз мамандығына деген сүйіспеншілік көмектеседі. Әркім өзінің барлық күш-жігерін жұмсауы керек», - деді қатысушылардың бірі Артамонов Владислав.

Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Іс-шара соңында Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының өкілдері өрт сөндірушілерге естелік сыйлықтар табыс етті.