11-01-2022
«Содырлар мен лаңкестердің қолынан зарап шеккен қалаларды қалпына келтіру - менің парызым» - деп мәлімдеді Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Сондай – ақ, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловты сайлады.
Елдегі ахуалды тұрақтағандыға Елбасшысының нық қадамдарының арқасы деп білеміз. Мен Президентіміз Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Мәжіліс отырысындағы сөзін бірінші тармағынан соңғы нүктесіне дейін мұқият тыңдадым және Президентіміз қабылдаған барлық іс-әрекеттер біздің жерімізге бейбітшілік пен тыныштық әкеледі деп санаймын. Біздің еліміздің болашағы тек бейбітшілік, келісім мен бірлікте ғана бар!
Енді еліміз өрттен кейін өртеңге шыққан шөп сияқты көгеріп-көктейді деп үміттенемін. Бұдан былай елімізде мұндай қайғы-қасірет болмасын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!